Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылғы сәуірдің 3-іне тағайындалды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы жұма күні ресми басылымдарда жарық көрді.
Президент өз жарлығымен кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру және өткізуді Орталық сайлау комиссиясына жүктеді. Сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шаралар қабылдауды үкіметке тапсырды.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.