Accessibility links

Ирландияда президент сайлауы өтіп жатыр


Ирландияның астанасы Дублин қаласы. (Көрнекі сурет)
Ирландияның астанасы Дублин қаласы. (Көрнекі сурет)
Бүгін Ирландия азаматтары ел президентін сайлап дауыс беріп жатыр. Биылғы сайлауда ел тарихында алғаш рет ең көп кандидат – жеті адам саяси бәсекеге түсті.

Олардың үшеуі елдегі негізгі үш саяси партиядан болса, және төрт адам тәуелсіз үміткерлер ретінде бақ сынап жатыр. Кандидаттардың арасында бұрын Ирландия республикалық армиясының белсендісі болған адам да бар.

Ирландияның қазіргі президенті Мэри Макэлис бұл қызметке екі рет сайланған, енді заң бойынша, басқа адам сайлануы керек.

Жеті жыл мерзімге сайланатын президент лауазымы Ирландияда негізінен өкілетті міндет атқарады. Әйткенмен, бұл сайлау қазірде қатты экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отырған қоғамның көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік береді дейді бақылаушылар.
XS
SM
MD
LG