Египеттегі бірнеше оппозициялық топтардың өкілдері жексенбі күні вице-президент Омар Сулейманмен кездесіп, 13-ші күнге созылған шерудегі наразылық танытушылардың талабын талқылады.
Билікпен келіссөзге шыққан оппозиция қатарында демократияны жақтаушы Мохамед әл Барадеймен қатар кішігірім оппозиция топ өкілдері болды. Елде ресми тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" тобы да жексенбі күні үкімет өкілдерімен кездесуге баратынын айтқан.
Сонымен қоса, жексенбі күні мұсылмандар мен копт христиандары бірігіп, Каирдің Тахрир алаңында қақтығыс кезінде құрбан болғандарды еске алу шарасын өткізді.
Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында, еске алу шарасына қатысқан мысырлық тұрғын шерушілердің діни ерекшелігіне қарамастан бұл олардың бірлігін танытты деді:
"Мен біздің мұсылман немесе христиан болғанымызға қарамастан, бәріміз бір египеттік екенімізді сезіндім. Біз бәріміз өзгерістерді қалаймыз. Адамдарға еркіндік пен әділет болса дейміз".
Сенбі күні Египеттегі жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста, биліктегі Ұлттық Демократиялық партияның атқарушы комитеті тарап, оның ішінде Мүбәрәктың баласы Гамал Мүбәрәк та орнынан кеткен болатын.