Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі күні кезектен тыс президент сайлауына қатысуға үшінші кандидаттың өтініш білдіргенін хабарлады. Үшінші кандидат - Дуамбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы өзін-өзі ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін өздерін-өздері ұсынған екі адамның - Сәлім Өтен мен Уәлихан Қайсардың өтініш бергендерін хабарлаған. Бұл екі кандидат та 2005 жылы президенттікке өздерін-өздері ұсынып, өтініш берген болатын. Бірақ ол жолы Орталық сайлау комиссиясы екеуін де түрлі себептермен тіркемей қойған еді.
Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну 20 ақпанға дейін жалғасады. Кезектен тыс сайлау 3 сәуірде өтеді.