Accessibility links

Мохаммед әл-Барадей: Египет апат алдында тұр


Египет оппозициясы жетекшілерінің бірі, Нобель сыйлығының иегері Мохаммед әл-Барадей елдегі жағдай жарылуға шақ тұрғанын мәлімдеп, мемлекетті апаттан сақтап қалу үшін бұл іске армияның араласуы қажеттігін айтты.

Мохаммед әл-Барадей бұл пікірін жұмаға қараған түні мемлекеттік телеарнадан сөйлеген Египет президенті Хосни Мүбәрәктің күзге дейін биліктен кетпейтіні туралы мәлімдемесінен соң білдірді.

Хосни Мүбәрәк билік өкілеттіктерінің бір бөлігін вице-президент Омар Сулейманға тапсыратынын хабарлап, қыркүйек айындағы сайлауға өзінің түспейтінін қайталап айтқан.

Египетте 17 күн қатарынан президентке қарсы шерулер өткізіп жатқан наразылық танытушылар Мүбәрәк қызметінен кетеді деп күткен еді. Мүбәрәктің сөзіне қанағаттанбаған олар енді жұма күні тағы да үлкен шеру өткізіп, президент сарайына баратындарын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG