Accessibility links

Мэлс Елеусізов кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді


Бүгін Алматыда «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов кезектен тыс президент сайлауына өзін өзі үміткер ретінде ұсынатынын мәлімдеді.

Ол бұл жолғы сайлауға осының алдындағы - 2005 жылғы президент сайлауындағы бұрынғы бағдарламасымен түсетінін айтты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2005 жылы желтоқсанның 4-інде өткен президент сайлауына саяси бәсекеге түскен бес үміткердің бірі Мэлс Елеусізовті дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,28 пайызы қолдаған.

Биыл Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-інде өтеді.
XS
SM
MD
LG