Accessibility links

Жамбыл Ахметбеков қазақ тілі сынағынан өтті


Қазақстанның коммунистік халық партиясы тарапынан президенттікке ұсынылған үміткер Жамбыл Ахметбеков қазақ тілі емтиханынан өтті. Бұл туралы бейсенбі күні лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков хабарлады.

Бұдан бұрын тіл сынағынан Мұсағали Дуамбеков, Нұрсұлтан Назарбаев, Сәлім Өтен, Қанат Тұрагелдиев өткен болатын. Конституцияға сәйкес, президенттікке үміткерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтар болуы тиіс. Аталмыш сынақтан Қанат Есжанов пен оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар өтпей қалды.

Сәуірдің 3-іне белгіленген кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG