Accessibility links

ОСК: Елеусізов президентікке үміткер ретінде Конституцияға сай келеді


Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясы Мэлс Елеусізовты президенттікке кандидат ретінде сайлауға қатысу үшін Конституция мен Қазақстанның «Сайлау туралы» заңына сай келеді деп тапты. Сайлау комиссиясы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Елеусізовке қол қою парақтарын бергенін хабарлады.

Осы уақытқа дейін Мұсағали Дуамбеков, Сәлім Өтен, Қанат Турагелдиев, Жамбыл Ахметбеков өз жақтаушыларының қолдарын жинауға кіріскен болатын. Ал мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түре президенттікке кандидат ретінде тіркелді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді.
XS
SM
MD
LG