Accessibility links

Ауғанстанда банкке шабуыл кезінде қаза тапқандар 35-ке жетті


Жалалабад қаласында банкке жасалған қарақшылық шабуыл барысында 35 адам құрбан болып, 70-тей кісі түрлі жарақат алған.
Олардың басым көпшілігі полицейлер деп хабарланып отыр.

Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда сенбі күні шекарашылардың киімін киген бір топ адам Кабулбанктің аймақтық бөлімшесіне қарулы шабуыл жасаған.

Шабуыл жауапкершілігін өз мойнына алған тәліптердің айтуынша, жалақыларын алуға келген полиция қызметкерлері көптеп жиналған банк ғимаратында үш жанкешті жарылыс жасаған.

Ал жексенбіге қараған түні Урузған провинциясында австралиялық бір жауынгер мен оның аудармашысы қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG