Accessibility links

Ақтөбедегі түзеу колониясы маңындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды


Ақтөбе қаласындағы жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінің жанында болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын Азаттық тілшісіне облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Алайда облыстық полиция басқармасындағылар тергеу құпиясын алға тартып, төтенше оқиғаға қатысты бұдан басқа ешқандай ақпарат бермей отыр. Бүгін түстен кейін облыстық ішкі істер департаменті арнайы баспасөз мәслихатын өткізбек.

Бұған дейін бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша түскі сағат бірдің шамасында Ақтөбе қаласындағы УК 168/2 түзеу колониясының қақпасы алдында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылғаны туралы хабар тараған болатын. Төтенше жағдайлар қызметі жарылыстан ешкімнің зардап шекпегенін айтады.
XS
SM
MD
LG