Accessibility links

Обама Ливия режиміне ескерту жасады


АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары Ливияға қарсы әскери әрекет мүмкіндігін қарастырып жатыр. Президент Барак Обаманың мәлімдеуінше, Муаммар Каддафи мен оның айналасындағылар Ливия жетекшісінің 41 жылдық билігін тоқтатуды қалайтын қарапайым азаматтарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылады.

Ақ үйдің айтуынша, барлық варианттар, оның ішінде Каддафидің қарсыластарын қарумен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен ол үшін БҰҰ-ның рұқсатын алу керек дейді. Алайда Ресей Ливияға шетелдің әскери араласуына қарсылық танытты.
XS
SM
MD
LG