Accessibility links

Қырғызстандағы адам құқын қорғаушы Чехияның сыйлығымен марапатталмақ


Қырғызстанның оңтүстігіндегі зорлық-зомбылыққа байланысты өмір бойы бас бостандығынан айырылған танымал этникалық өзбек құқық қорғаушысы Чехияның адам құқығы жөніндегі сыйлығымен марапатталады. Прагадағы «Мұқтаждағы адамдар» үкіметтік емес ұйымының Хомо Хомини сыйлығы биыл Азимжан Асқаровқа тапсырылады. Оны Асқаровтың ұлы Шерзод бүгін Прагадағы фильм фестивалі барысында алады.

Бұл сыйлық адам құқықтары мен демократияны қолдайтын және саяси қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз шешуді көздейтін тұлғаларға беріледі.

Асқаров өткен жылғы «этникалық қақтығыстарды ұйымдастырды және полиция қызметкерінің өліміне қатысы бар» деген айыппен қыркүйек айында қамалған болатын.

Жергілікті адам құқықтарын қоғаушы «Воздух» тобының жетекшісі Асқаров түрмедегі тұтқындардың жағдайы туралы материал жинайтын.
XS
SM
MD
LG