Accessibility links

Беларустің президенттікке түскен үміткері шетелге қашып кеткен


Беларустің президент сайлауына түскен бұрынғы кандидаты құпия қызметтің қудалауынан қашып, шет елге кетіп қалғанын айтты.

Алек Михалевич бұл туралы өзінің блогында айтқанымен, қай елге кеткенін жасырып қалған.

Өткен айда Михалевич өзі екі ай қамауда болған КГБ-ны азаптайтын лагерге теңестірген.

Дүйсенбі күні де Human Rights Watch Беларусь билігін даулы президент сайлауынан кейін жүздеген адамның құқығын бұзып, негізсіз қамауға алды деген баяндамасын жариялаған.
XS
SM
MD
LG