Accessibility links

Құрманбек Бакиевке қатысты сот қайта басталды


Қырғызстан астанасы Бішкекте биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен 27 адамға қатысты сот қайта басталды.

Жоғарғы сот баспасөз хатшысы Бақтыбек Рысалиевтің мәлімдеуінше, қауіпсіздік себептеріне байланысты бүгінгі сот тек таңдаулы адамдарға ғана ашық болады. Бакиев пен бұрынғы шенеуніктерге қатысты істі Бішкектің әскери гарнизон соты қарайды.

Бакиев пен оның бұрынғы серіктестеріне сәуірдің 7-сінде үкіметке қарсы шерулер барысында наразылық танытушыларға оқ атуға бұйрық берді деген айыптар тағылып отыр. Бакиев өткен жылғы Қырғызстандағы толқулар барысында елден қашып, Беларусьті паналаған.

Бакиевке қатысты сот қараша айында басталып, содан бері бірнеше рет кейінге қалды.

Сәуір айындағы қақтығыстарда кемінде 86 адам қаза болып, жүздеген кісі жараланған еді.
XS
SM
MD
LG