Ресей премьер-министрі Владимир Путин БҰҰ-ның Ливияға қарсы әскери операция жүргізу қарарын ортағасырлық "крест жорығымен" салыстырды.
Бұл туралы Путин Воткинскідегі баллистикалық зымыран зауытындағы жұмысшылармен сөйлескенде айтып, БҰҰ-ның қарары шала-жансар әрі дұрыс емес деді. Оның айтуынша, Муаммар Кадафи режимі демократияға жетпей жатыр, бірақ оны әскери шапқыншылықпен ақтауға болмайды.
Ресей премьері сондай-ақ басқа елдердің ішкі ісіне араласу АҚШ-тың сыртқы саясатындағы тұрақты бір тенденцияға айналып барады деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүше елі Ресей Каддафи күштерінің оппозицияға қарсы шабуылын тоқтату мақсатындағы Ливия үстінен ұшуғы тыйым салатын қарар қабылдаған кезде дауыс бермей немесе вето қою құқын пайдаланбай қалыс қалған.