Accessibility links

Қарусыз 3 адамды өлтірген америкалық сарбаз 24 жылға түрмеге кесілді


АҚШ әскери соты америкалық сарбаз Джереми Морлокты қарусыз үш тұрғынды өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 24 жылға түрме жазасына кесуге үкім шығарды. Қанды оқиға Ауғанстанның Қандағар провинциясында 2010 жылдың басында болған.

Сотта 22 жастағы Джереми Морлок өзінің төрт жолдасымен бірге бейбіт тұрғындарды өлтіруді жоспарлағанын мойындаған.

Джереми Морлок – әскери қылмыс туралы істегі негізгі тұлға. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операциялары басталғаннан бергі ең үлкен атышулы оқиғаға айналған бұл қылмыстық іс бойынша Морлокпен бір взводта қызмет атқарған 12 сарбазға айып тағылған.
XS
SM
MD
LG