Accessibility links

Дәрігер: Толмачев психикалық күйзеліске ұшыраған


Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы өкілдігінің кеңесшісі Валерий Толмачев Париж-Рим бағытындағы ұшақты Ливияға бұрып әкетпекші болған кезде психикалық күйзеліске ұшыраған. Психиатрдың бұл қорытындысы туралы сейсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов хабарлады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сәуірдің 24-і күні Қазақстанның 48 жастағы азаматы Валерий Толмачев Париж-Рим бағытындағы ұшақтың экипажын бәкімен қорқытып, ұшақты Ливия астанасы Триполиге бұруға әрекет жасаған. Ұшақ экипажы оны ұстап, қарусыздандырып, Римге қонған соң Италия полициясының қолына тапсырған.
XS
SM
MD
LG