Атырау облысы Мақат ауданында даулы күкірт тиелген вагондар әкетілген соң ғана Доссор ауылының тұрғындары темір жолдағы бөгетті алып, олар тоқтатқан жолаушылар пойызы мен жүк пойызы сапарын жалғастырған. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.
Бейсенбі күні жүздеген адам жергілікті билік орындарынан күкірт тиелген 16 вагонды алып тастауды талап етіп, наразылық ретінде "Атырау-Маңғыстау" бағытындағы жолаушылар пойызын тоқтатқан болатын. Мақат ауданының әкімі Қилымғали Қайненов Азаттық радиосына әлгі вагондандың кімдікі екенін білмейтінін айтты.