Адам құқықтары жөніндегі Amnesty International ұйымы Әзербайжанда оппозициялық белсендінің қамалғанын айыптады.
Аталмыш топ Әзербайжан билігін "есірткі тасымалдады" деген айыппен сотталған 20 жастағы Жаббар Саваланды тезарада босатуға шақырды. Amnesty International Саваланға тағылған айыптар ойдан шығарылған дейді.
"Халықтық майдан партиясы" жастар ұйымының белсендісі Савалан интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жаппай наразылық шарасы сияқты үкіметке қарсы шерулер ұйымдастыруға шақырғаны үшін сотталған болуы мүмкін дейді Amnesty International.