Accessibility links

Қытайлар халық санағының нәтижесін шығарды


Санақ нәтижесінен қысқаша үзінді келтірейін. Қытайлардың санағына сүйенсек, қазірге дейін Қытайдағы халық саны – 1 млрд. 370 млн. 536 мың 875 адам. Мұның ішіде Аомын жан саны – 552 мың 300 адам. Тайвань жан саны – 23 млн. 162 мың 123 адамды құраған.

Мемлекеттік санақ мекемесінің бастығы Мажиян таң мырзаның талдауынша, Қытай жан санақ қортындысының нәтижесіне сүйеніп отырып, Қытайдағы төрт үлкен белсенді өзгерісті байқауға болады.

Бірінші. Халықтың жылдық өсім мөлшері 0,5 пайызға төмендеп, отбасындағы бала саны азайды. 2000 жылғы жалпы халық санағынан кейінгі аралықтағы он жылда Қытайға 73 млн. 900 мың адам қосылған. Осы он жыл аралықта халықтың жылдық өсімі 0,57 пайыз болып, 1990-2000 жылдар аралығындағы өсім жылдық өсім мөлшері 1,07 пайыздан тен 0,5 пайызға төмендеген.

Екінші. Соңғы он жылда Қытайда халықтың білім өресінің өсуіне жағдай жасалып, орташа білім деңгейі өскен. 15 жастан жоғары сауатсыз адам 6,72 пайыздан 4,08 пайызға азайған. Әр 100 мың адамға шаққанда 2000 жылы 3 мың 611 унверситеттік білімі бар адам болса, 2010 жылы 8 мың 930 адамға жетіп, көрнекті түрде жоғарылаған.

Үшінші. Қала мен ауылдағы жан саны бір-біріне жақындап, аудан мен шағын қалашықтар жан саны артқан. 2010 жылы қала мен ауыл-қыстақтағы адам саны салыстырмасы бір-біріне жақындап, қала мен қалашықтағы адам саны 49,68 пайызды ұстаса, ауыл-қыстақ жан саны 50,32 пайызды ұстаған.

Төртінші. Ел ішіндегі көшпелі жан саны үздіксіз артып барады. Соңғы санаққа негізделгенде, әр жылы өзінің тұрақты тіркеуінен шығып, басқа қалалармен облыстарға уақытша жұмыс пен ішкі көші-қонмен қоныс аударатын адамдар саны 261 млн. 386 мың 075 адам болып, 2000 жылғы санақ кездегіден 81,89 пайыз артқан.

Осы жолғы санақ нәтижесіне негізделе отырып-ақ Қытайдың «батыс-терістікті ашу» деген жымысқы саясатының қаншалықты дәрежеде іске асып, батыс терістіктегі аз ұлттар қоныстанған өңірлерге қытайлардың жүз миллиондап ағылып келіп жатқанын көруге болады. 2008 жылғы Үрімжідегі қақтығыстың себеп-салдарын осы санақ-ақ айқындап беріп отыр.

Осы жолғы санаққа біздің тағы бір назар салатын тұсымыз – қытайлардың осы жолғы санағына негіздесек – қытайдағы еркектер 51,27 пайызды құраса, әйелдер 48 пайыздан асып отыр. Бұл 2000 жылғы санаққа қарағанда 1,2 пайыздан артқанын көрсетіп отыр. Қыз бен жігіттің ара қатынасында 2,49 пайыз айырмашылық бар болып, 33 млн. 578 мың 152 сүр бойдақ үйленерге қыз таппай жанталасып жүр деген сөз.

Әрине, бұл сандар жалпы жан бойынша алынып отырғандықтан, жастар арасындағы ер мен әйелдің айырмасы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Сондықтан осы жолғы санақтан қытайдың «бойдақ бомбасының» қаупі артып бара жатқанын көреміз. Жалпы, Қытай жан саны туралы халықтық санақ нәтижесі қысқаша осылай. Дей тұрғанмен осы жолғы Қытай санағы тағы да сол отбасын тіркеу кітабы негізінде ғана жүргізілгендіктен Қытайда ешқандай құжаттары жоқ, тіркеу кітабында жоқ адамдар санаққа еңген-енбегені екіталай.

Қытай шынайы санақ нәтижесін жалпақ әлемге жар салмай-ақ, өздеріне керекті шынайы ақпаратты алады да, бізге сол өздерінің дұрыс деп шешкен мәліметтерін береді.

Келесі жолы Қытайдағы аз ұлттардың жан саны мен білім деңгейінің өсуіне тоқталып, Қытайдағы қазақтарға қатысты нақты мәліметтер беруге тырысамын.
XS
SM
MD
LG