Accessibility links

Кедендік бақылау комитетінің басшысы қызметінен босатылды


Қазақстан кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен босатылды. Оның орнына бұрынғы ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов тағайындалды.

Бұл туралы жұма күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Twitter парақшасында хабарланды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан қаржы полициясы Қытаймен арадағы шекарада «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын» хабарлаған еді. Олардың арасында Ақмола облысы ҰҚК департаменті бастығының орынбасары, «Қорғас» кеден бекетінің басшысы да бар.
XS
SM
MD
LG