Accessibility links

Бағдад түрмесіндегі төбелестен 18 адам қаза болды


Ирақ полициясы сенбі күні түнде Бағдадтағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 18 адам қаза тапты деді.

Полицияның хабарына қарағанда, бір сотталған қару-жарақты иеленіп алған соң тұтқындар мен түрме қызметкерлері арасында қанды қақтығыс болып, кемінде жеті офицер мен 11 тұтқын қаза тапқан.

Қаза тапқандар арасында әл-Қаида тобының жергілікті жетекшісі, "Бағдад әмірі" деген атпен танылған сотталған да бар. Ол 2010 жылы қазан айында 50 шақты христиан өкілін өлтірген шабуыл үшін сотталған.
XS
SM
MD
LG