Тәліптер Пәкістанның солтүстік-батысында үкіметті қолдайтын қарулы құрылымдардың жаттығу орталығының ғимараты маңында бүгін жасалған екі бірдей жарылыс үшін жауапкершілікті алатынын жария етті.
Тәліптер өкілі бұл шабуылдар мамырдың 1-күні Пәкістан жерінде АҚШ әскері көзін жойған "әл-Каида" жетекшісі Усама бин Ладеннің өлімі үшін алынған кек деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге Ауғанстан мен Пәкістанда жаңадан террорлық шабуылдарға дайындық жасалып жатқанын айтты.
Соңғы деректер бойынша, жұма күні Пәкістанның Чарсадда қаласында екі жарылыстан 69 адам қаза болып, ондаған кісі жараланған. Полиция екі жарылысты да жанкештілер жасаған дейді.
Қаза болғандардың көпшілігі - бүлікшілерге қарсы күресіп жүрген қарулы құрылымның сарбаздары деп хабарланды.