Accessibility links

Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы аяқ астынан Боснияға барды


Еуропа Одағының сыртқы саясат министрі Страсбургте сөйлеп тұр. 11 мамыр 2011 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат министрі Страсбургте сөйлеп тұр. 11 мамыр 2011 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы істер министрі Кэтрин Эштон күтпеген жерден Боснияға барды. Бұл ел өткен жылғы қазан айындағы сайлаулардан бері үкімет жасақтай алмай келеді.

Ол Босниядағы сербтер қаласына барып, Босниялық серб президенті Милорад Додикпен кездеседі. Одан кейін Эштон Босния астанасы Сараево қаласына барып, ел жетекшілермен келіссөздер өткізбекші.

Босния бойынша өкіл Валентин Инжконың айтуынша, бүгінде Босния үкімет құра алмай, тұрақсыздыққа қарай бет алды. Экономика тұралап, Србска республикасының сот құрылымдарына қатысты тікелей қауіп төніп тұр.
XS
SM
MD
LG