Accessibility links

Халықаралық валюта қорының басшысы ұсталды


Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан
Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан
Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан "нәпсіқұмарлық пиғылмен әйелге тиісті" деп айыпталды.

Стросc-Кан Нью-Йорк полициясының сұрақтарына жауап беріп жатыр. Оған Манхэттен қонақ үйінде 32 жасар әйелмен "мәжбүрлі түрде жыныстық қатынас жасамақшы болды" деген айып тағылып отыр.

Бүгін Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесу үшін Нью-Йорктен Парижге ұшпақ болған кезде тұтқындалған 62 жастағы Стросс-Кан өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Халықаралық валюта қоры бұл оқиғаға байланысты әлі пікір білдірмеді.
XS
SM
MD
LG