Accessibility links

Жапония Ресейге наразылық білдірді


Кунашир - Жапонияның Ресейден даулап жүрген төрт аралдың бірі.
Кунашир - Жапонияның Ресейден даулап жүрген төрт аралдың бірі.
Жапония билігі Ресей үкімет делегациясының Курил аралдарына баруына байланысты Ресейге наразылық білдірді.

Жапония сыртқы істер министрлігінің қызметкері өз елінің наразылығын Токиодағы орыс елшісі Михаил Белыйға телефон арқылы жеткізген.

Жексенбі күні Ресей вице-премьері Сергей Иванов бастаған үкімет делегациясы Итуруп аралына барған еді. Делегация бұл сапарында Сахалин, Курил аралдары мен Владивостокта болуды жоспарлаған.

Итуруп - Жапонияның Ресейден даулап келе жатқан Курил аралдары тізбегіне енетін төрт аралдың бірі. Жапония 1855 жылы шекара және сауда туралы Ресеймен жасалған екіжақты мәмілеге сүйеніп, аталған төрт аралды өзіне қайтарып беруді сұрайды. Кремль болса Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі бойынша әлгі төрт арал Совет одағының құрамына алынғанын алға тартады.
XS
SM
MD
LG