Accessibility links

БТА Банк Әблязовтың тұтқындалуын көздейді


БТА Банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов
БТА Банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов
БТА Банк Ұлыбританияның жоғарғы сотынан банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты мүліктері туралы мәліметтерді жарияламағаны үшін қамауға алуды сұрады. Бұл туралы сәрсенбі күні "Ассошиэйтед Пресс" ақпарат агенттігі хабарлады.

Әблязовқа «алаяқтықпен 4 миллиард доллар банк қаржысын жымқырды» деген айып тағылды.

Бір кездері ең ірі банк болған БТА 2009 жылы ақпан айында мемлекет қарамағына өтіп, банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов шетелге кетіп қалған еді. Сол жылы Қазақстанның құқық орындары оған қарсы қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG