Accessibility links

Ауған ардагерлері қазақстандық әскердің Кабулға жіберілуіне қарсы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ауған соғысының ардагерлері қазақстандық әскерилердің Ауғанстанға жіберілуіне қарсылық білдіріп, Қазақстан парламентін таратуға шақырды.

Бүгін Алматыда мәлімдеме жасаған ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының кеңесі парламент депутаттарының Ауғанстанға әскер жіберу туралы заң жобасын мақұлдағандығына қарсылығын білдіріп отыр. Ардагерлер егер сенат бұл заң жобасын мақұлдап, президент қол қоятын болса біз «белсенді түрде қарсылық шараларын» қолға аламыз деді.

Мамырдың 18-де мәжіліс депутаттары Ауғанстанға әскер жіберу туралы арнайы заң жобасын қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG