Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында өткен түні «Миллионерлер клубы» атты шағын несие ұйымының салымшылары мен полиция арасында қақтығыс болғаны туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
Құқық қорғау орындарының «Миллионерлер клубын» тексеріп жатқанынан хабардар болған салымшылар компания жұмысына кедергі келтірмеуді талап етіп, бейсенбі күні қала орталығындағы компания кеңсесінің алдына таңертеңнен жиналған. Кеңседегі тексеру қас қарайғанша жалғасқан. Жиналған жұрттың бір бөлігі тарап, ондаған адам клуб ғимаратының маңында кезекшілікке қалған.
Түн мезгілінде полиция кеңсеге кіріп, құжаттары бар сейфті алып кеткені туралы ақпарат тараған. Оқиға орнына барған «Новости-Казахстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, кеңсенің терезелері сынып, есіктері бұзылған, баспалдақта қанның іздері байқалған.
Бұдан соң орталық көшемен облыстық әкімдік ғимаратына беттеген ондаған адамның жолын полиция бөгеген. Әкімдік ғимаратына өткен бірнеше адамды полиция ұстаған.
Осыдан кейін полиция облыстық әкімдік ғимаратының маңына күшейтілген бақылау қойып, қала орталығында жүргіншілердің құжаттарын тексерген.
Көкшетаудағы бұл оқиға бойынша жергілікті ресми орындар әзірге түсінік бермей отыр.