Ресейлік ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийдің өтінішін қараған Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты бүгін өз шешімін шығарды.
Еуропалық сот қамауда ұстау тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ кейбір процедуралық мәселелерге қатысты Ходорковскийдің құқықтары бұзылған деп тапты.
Алайда, арыз иесінің өтініші бойынша бұл істі құқық тұрғысынан саралаған Еуропалық сот ЮКОС компаниясының бұрынғы басшыларының ісінің саяси сипаты бар деп танудан бас тартты.
Еуропалық сот Михаил Ходорковскийдің шеккен моральдық зияны және сот шығындарының өтемі үшін оның пайдасына Ресей үкіметінен 24 мың еуро өндіріп алу туралы қаулы етті.