Гүлжан Ерғалиева – оппозициялық журналист, жаңадан ашылған guljan.org сайтының құрылтайшысы әрі бас редакторы.
Гүлжан Ерғалиева тәуелсіздік жылдарында мемлекетаралық (ТМД елдерінің) «Мир» телерадиокомпаниясының филиалында жұмыс істеді. «31 телеарнадағы» «Қоғамдық келісім-шарт» ток-шоуы жобасымен айналысты. «Сөз» және «Свобода слова» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.
1998 жылдан бері Гүлжан Ерғалиева антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы, Қазақстанның халық конгресі партиясы, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы мен партиясы сынды түрлі қоғамдық-саяси ұйымдарға мүше болды. Қазір Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы төралқасының мүшесі.
Ұлты - қазақ, тұрмыс құрған, бір ұлы мен 3 немересі бар. Алматы қаласында тұрады.