Ауған ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, елдің солтүстігіндегі жанкештілік жарылыстан бір адам опат болып, бір кісі жараланған.
Ресми өкілдердің айтуынша, шабуылда Паруан уәлаятының әкімі Абдул Басир Салангидің көлігі нысанаға алынған. Әкімнің өзі көлікте болмаған.
Сейсенбі күнгі жарылысқа байланысты жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.
Ауғанстаннан келіп түскен басқа да хабарларға қарағанда, НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштерінің екі мүшесі дүйсенбі күні елдің шығысындағы бүлікшілер шабуылынан мерт болған. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің мәліметінше, осы айда Ауғанстанда қаза болған шетел сарбаздарының саны 42-ге жеткен.