Accessibility links

Ресейде жаңа оппозициялық партия тіркелмеді


Тіркелмеген оппозициялық партияның қолдаушылары шеруге шықты. Мәскеу, 16 сәуір 2011 жыл.
Тіркелмеген оппозициялық партияның қолдаушылары шеруге шықты. Мәскеу, 16 сәуір 2011 жыл.
Ресей әділет министрлігі оппозициялық Халық азаттығы партиясын тіркеуден бас тартты.

Өткен айда бұрынғы премьер-министр Михаил Касьянов, бұрынғы премьер-министр орынбасары Борис Немцов және тағы басқа бірқатар саясаткерлер жаңа оппозициялық партияны тіркеу үшін құжаттарын тапсырған болатын. Ресейде бұл партия ПАРНАС деп аталып кеткен.

Әділет министрлігі партияны тіркеу туралы өтініштен бірқатар заңбұзушылық тапқанын хабарлады. Ресей заңдарына сәйкес, тіркелмеген партия сайлауға кандидаттарын ұсына алмайды.

Бұл елде келесі жылдың наурыз айында президент сайлауы өтеді.
XS
SM
MD
LG