Accessibility links

Пайғамбар карикатурасы ауторына шабуылдаушы сотталды


Дания соты лаңкестікке әрекеттенді деп айыпталған Сомали азаматын 10 жыл түрмеге кесті.

Тергеуге қарағанда, 2010 жылы Мұхиддин Мұхаммед Гили Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған суретші Курт Вестергардтың үйіне қолына балта ұстап кіріп барған. Курт Вестергард бөлменің есігін жауып алғандықтан, зардап шекпеген.

Мұхаммед Гили өзін кінәлі деп санамайды. Ол тек суретшіні шошытпақ болғанын айтады.

Гилидің қорғаушысы енді жоғарғы инстанциядағы сотқа шағым түсірмекші.

Дания билігі 2005 жылы жарияланған атышулы карикатураға қатысты бірнеше лаңкестік әрекетті ауыздықтағанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG