Accessibility links

"ҚазАқпарат" қызметкерлерінің ереуілі тоқтады


"ҚазАқпарат" агенттігінің логосы.
"ҚазАқпарат" агенттігінің логосы.
"ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігінің қызметкерлері бейсенбіде наразылық шарасын тоқтатты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Бүгін мамыр айы үшін жалақыларымыз төленді, сондықтан біз ереуілімізді тоқтатып, жұмысымызға кірісеміз", - делінген мемлекеттік агенттік ұжымы таратқан мәлімдемеде.

Маусымның 15-сінде "ҚазАқпарат" агенттігінің Астанадағы журналистері жалақыларының төленуін талап етіп, наразылық шарасын бастаған болатын. Кейінірек бұл ереуілге аталмыш агенттіктің алматылық бюросындағы қызметкерлері де қосылған еді.

"ҚазАқпарат" басшылығының мәліметінше, компания бюджетке 200 миллион теңгеден астам қаржы қарыз.
XS
SM
MD
LG