Accessibility links

Орталық Азиядағы кибер-қақтығыстар мен Wordpress-тің «жабылуы»


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Transitions Online ұйымы Қазақстандағы аясы тарылып, бейсаясиланып бара жатқан интернет ресурстардың болашағына алаңдайды.


Қазақстан мен Қырғызстандағы соңғы оқиғалар сөз бостандығына қатысты жаңа алаңдаушылық туғызды.

Маусымның 27-і күні таратқан есебінде бұрынғы совет республикаларының ақпарат кеңістігін шолып отыратын Transitions Online («Транзишнс онлайн») ұйымы Қазақстан мен Қырғызстандағы сандық технологиялар дәуірінің басқа бағытта дамып келе жатқанын атап өтіпті. Аймақтық ақпарат агенттігінің жабылуы мен блоггерлердің жұмысына араласу үрдісі бұл елдердегі интернет саласына мемлекеттің араласа бастағанын байқатады.

Маусымның 16-шы жұлдызында қырғыз парламенті «Фергана.ру» ақпарат агенттігінің вебсайтына тыйым салуды ұсынатын қарар қабылдады. Оған себеп – бірқатар қырғыздың оңшыл саясаткерлері Ресей қолдайтын осы бір ақпарат қызметінің 2010 жылдың маусымында болған Оштағы соқтығыс кезінде жазған хабарларын «субъективтік» деп тапқан.
Даниил Кислов, Фераган.ру сайтының авторы

Алайда, көптеген бақылаушылар әсіре ұлтшылдықты цензура қоюдың басты себебі емес деп күдіктенеді. Ең дұрысы, кейбір қырғыз саясаткерлері үшін 2010 жылдың маусымында болған оқиғалардың түбегейлі зерттелмегені пайдалы. Қырғызстан тексеру комитетінің ең әшкерлеуші қорытындылырының арасында мынадай жайттар бар: Қырғызстанның әскери және саяси элита өкілдері зорлық-зомбылықты тоқтатуда әлсіздік танытып, бүлікшілердің әскери қару-жарақ пен көлікті тартып алуына қарсылық қыла алмады. Жоғарыда аты аталған вебсайт бұл жйаттарды кеңінен қамтып жазып отырған.

Ал Қазақстанда маусымның 22-і күні WordPress блог порталы құпия түрде жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.

WordPress-те орналасқан Neweurasia жобасының Қазақстандағы үйлестірушісі Асхат Еркімбайдың мәлімдеуінше, платформа тек Опера веб-браузері арқылы ашылып тұр. «Екі жыл ішінде WordPress-ке үшінші рет тосқауыл қойылып отыр», дей келе, Еркімбай «Осы жолғы қиындық – біздің платформамызға біржола тыйым салынған деп те айта алмаймыз» деген.

Transitions Online қазақ тіліндегі блогосфераның кеңейе бастағанын атап өтеді. Еркімбайдың айтуынша, 2010 жылдан бері Қазақстанда WordPress арқылы 500-ге жуық жаңа блог тіркелген. Түрлі шектеулер арқылы үкімет блогтарды бейсаяси мазмұнға көшуге итермелейді.
Интернетке шектеу қоятын заңға наразылық таныту акциясы. Алматы, 24 маусым 2009 жыл

Google-дің ресми блогында жазылғандай Қазақстанның байланыс және ақпарат министрлігі жаңа қаулы шығарып, барлық kz домендерінен (ішінде google.kz те бар) ел аумағындағы серверлерде жұмыс істеуін талап етті. Кейін министрлік Google-ге бұл қаулы бұрын тіркелген домендерге қатысты емес дейтін жаңа ереже туралы құлақтандыру жіберген. Сөйтіп, Google-ға қатысты шу басылғандай болған. Бірақ, WordPress-тің басына түскен жағдай «бұрын тіркелген» сайттардың бәріне бірдей кеңшілік жасалмағанын көрсетеді..

Ол аз болса WordPress-те вебсайт орналастырған Neweurasia соңғы уақытта спам шабуылдың астында қалған. Сайттың мәлімдеуінше, 1маусымның 13-17 күндері 100-ге жуық спам-пікір алса, демалыс күндерінде оның саны 850-ге жетіпті. Neweurasia-ның кейбір блоггерлерінің айтуынша сайтқа кіру мен навигацияның жылдамдығы, әсіресе, WordPress сайтында айтарлықтай төмендеп кеткен.

Бұл жайттар аймақтағы сөз еркіндігіне теріс әсер етеді деп түйіндейді есебін Transitions Online. Қазіргі жағдай интернеттің біртіндеп мазмұны әрбір аймақтың «тыйым салу» ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасқан табуларға негізделіп, бөлшектеніп, әрі оқшаулана беруіне соқтырмай ма деген сауал қояды ұйым.
XS
SM
MD
LG