Accessibility links

Сирия президенті Хама әкімін қызметінен босатты


Сирия үкіметіне қарсы шерулер. 1 шілде 2011 жыл.
Сирия үкіметіне қарсы шерулер. 1 шілде 2011 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асад өзінің режиміне қарсы шерушілерді тыныштандыру мақсатында маңызды қаланың әкімін қызметінен босатты.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент бүгін Хама қаласының әкімін жұмысынан алып тастаған. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Жұма күні Хамада 200 мыңға жуық адам шеруге шығып, Асадтың режиміне наразылық танытты. Белсенділердің айтуынша, Асад отбасының 40 жылдық билігіне қарсы жалпыұлттық наразылық шарасы кезіндегі қақтығыстар барысында кемінде 11 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG