Accessibility links

Ресейде жасалған жүк ұшағы Ауғанстанда апатқа ұшырады


Ауған әскері тауда құлаған жүк ұшағынан мәйіттерді тасып жатыр. 13 қазан. 2010 жыл.
Ауған әскері тауда құлаған жүк ұшағынан мәйіттерді тасып жатыр. 13 қазан. 2010 жыл.
Ауғанстан билігі хабарлағандай, сәрсенбіге қараған түні елдің шығысында әзербайжандық "Жібек жолы" әуе компаниясының "Ил-76" жүк ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған барлық адам қаза тапқан болуы мүмкін.

Ауғанстан өкілдері шалғайда жатқан бұл аймаққа құтқарушылар жете алмай жатқанын айтады. Ресейде жасалған бұл ұшақ АҚШ әскерилеріне жүк тасып бара жатқан. Пәкістандағы Әзірбайжан елшілігі ұшақта болған 9 экипаж мүшесі Әзірбайжан және Өзбекстан азаматтары екенін айтты.

НАТО өкілінің айтуынша, ұшақ 3 мың 800 метрдей биіктіктегі тауға құлаған. Апат Ауғанстанның Парван провинциясының Сиагирд аймағында болды.
XS
SM
MD
LG