Accessibility links

«Арлан» арнайы жасағы Балқаш түрмесіне шабуылдай бастады


Арнайы полиция жасағының қызметкері. (Көрнекі сурет)
Арнайы полиция жасағының қызметкері. (Көрнекі сурет)
«Арлан» арнайы полиция жасағы Балқаш түрмесіне шабуылдай бастады деп хабарлайды Новости-Казахстан агенттігі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембековке сілтеме жасай отырып.

«Иә, шабуыл жақында басталды. Шабуыл жасау үшін Балқашқа арнайы бөлімше (Арлан)» келді деп мәлімдеді Сембеков.

"Бір-екі сағатта "Арлан" арнайы жасағы сарбаздары келіп, өндірістік аумақтағы бір қабатты өндіріс цехында бекінген тұтқындарға шабуылдайтынын" Интерфакс-Қазақстан агенттігі бұдан бұрын хабарлаған еді.

Шілденің 11-іне ауған түні сағат 1:30 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы жалпы тәртіптегі түрмеде бір топ жазасын өтеуші ішкі әскердің сақшы пунктіне қарулы шабуыл жасаған. АК-159/21 түзеу мекемесінде болған атыста екі түрме қызметкері мен бір күзетшіге оқ тиіп, жараланған. Жараланғандардың бірі қаза тапқан.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жазасын өтеушілер топтасып қашуға әрекеттенді деп мәлімдеді.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, түрме қызметкерлерімен атысқан 12 тұтқын 30-дай адамды кепілге алған.

Ал «Новости-Казахстан» агенттігі, қылмыс-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасай отырып, ешкімнің кепілге алынбағанын айтады.
XS
SM
MD
LG