Дүйсенбі күні Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия президенті Башар әл-Асад өз заңдылығын жоғалтты деп мәлімдеді.
Клинтон бұл турасында Еуроодақтың сыртқы саясат бойынша жоғары өкілі Кэтрин Эштонмен кеңескеннен соң айтты. Америка сыртқы саясат мекемесінің басшысы әл-Башадты ел халқын жаныштау үшін Иранның әскери көмегін қолданды деп айыптады.
Таяуда Сирияның белгілі диссиденті Хайтам әл-Малех өзінің қосалқы үкімет құруы мүмкін екендігін жариялады. Айтуынша, Димашықта 16 шілдеде бұл турасында арнайы конференция өтпекші. Хайтам әл-Малех қосалқы үкіметтің тәуелсіз технократтардан тұрады дейді.