Accessibility links

Еуропаның қор нарығы төмендеді


Шілденің 11-інде Еуропа қор нарығы саудасын айтарлықтай төмен бағаммен жапты.

Францияның САС қоры индексі 2,7 пайызға, Германияның Dax қоры индексі 2,3 пайызға және Англияның FTSE 100 қорының индексі бір пайызға төмендеді. Dow Jones қорының индексінде де төмендеу байқалған. Италияда акциялар бағамы төрт пайызға төмендесе, ең ірі "Юникредит" банкісінің акциясы 6,3 пайызға құлдыраған.

Еуроның бағасы да түскен. Оның себебі Испания мен Италия арасындағы мемлекеттік сырттан сатып алу көрсеткішінің өскендігімен түсіндірілген. Бұл еуроаймақтың 12 жылдық тарихында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс.

Дағдарыстың Италия мен Испанияға тарау қаупі бар. Осы ретте Грекияға көмек жоспарын қарастыру үшін Брюссельде Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері бас қосты.

Германия канцлері Ангела Меркель көмек жоспарын созбауға шақырды. Ол мемлекеттік шығындарды шұғыл азайту жөнінде Италияға ескерту жасады.
XS
SM
MD
LG