Сейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың бауыры қастандық салдарынан қаза тапты. Оқиға Қандағар қаласында болды.
Қандағар уәлаяты кеңесінің басшылығы Азаттық радиосы Дари қызметімен сұқбатта ел президенті туысының қаза тапқанын растады.
Ауғанстан ішкі істер министрлігі де Ахмад Уәли Карзайдың қаза тапқаны жайында хабарлама таратты.
Ахмад Уәли Карзай Қандағар уәлаяты кеңесінің төрағасы болған. Оны белгісіз қарулы адамның тапаншамен атқаны хабарланды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, лаңкестік оқиғаның жауапкершілігін Талибан қозғалысы мойнына алған.