Accessibility links

Еуропа Одағы шерушілерді қудалаған Беларусь билігін айыптады


Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон
Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон
Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон Беларусь президенті Александр Лукашенконың билігіне үндеместен наразылық танытқан адамдардың қамауға алынуын айыптады. Эштон Беларусь билігін тұтқындалған немесе сотталған наразылық танытушыларға тағылған айыптардың барлығын алып тастауға шақырды.

Лукашенконың 17 жылдық билігіне қарсы жаппай наразылық білдіру шаралары өткен жылы желтоқсан айында өткен президенттік сайлаудан кейін өршіп кеткен болатын.

Беларусь қазір экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл елде инфляция мен жұмыссыздық деңгейі жоғарылаған.
XS
SM
MD
LG