Accessibility links

Клинтон: Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты дау ушығып барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Индонезияда. 23 шілде. 2011
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Индонезияда. 23 шілде. 2011
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон жексенбі күні Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты аймақтық дау бақылаудан шығып барады деді.

Балидегі Азия қауіпсіздік конференциясына қатысқан Хиллари Клинтон теңіз аймағындағы елдерді тезірек шекараға қатысты қарар дайындауға шақырды.

Жексенбі күні Вьетнам астанасындағы Қытайға қарсы шеруге 200-дей кісі қатысып, Оңтүстік теңіз аймағында Қытайдың болуына қоғамдық наразылық танытты.

Ханойдағы бүгінгі наразылық шарасы - соңғы екі ай бойы Бейжіңнен Вьетнам аймағынан кетуді талап еткен шерулердің жалғасы болып отыр. Полиция соңғы апталарда шерушілерді күшпен басуға тырысып, кейбірін соққыға жыққан.

Оңтүстік Қытай теңізінің табиғи ресурстарға бай бөлігіне вьетнамдар, филиппиндер және қытайлар таласып келеді.
XS
SM
MD
LG