Accessibility links

Жапонияда АЭС апатына байланысты лауазымды тұлғалар қызметтен кетті


"Фукусима-Дайичи" АЭС апаттан соң. 12 сәуір 2011 жыл.
"Фукусима-Дайичи" АЭС апаттан соң. 12 сәуір 2011 жыл.
Жапония премьер-министрі Наото Кан лауазымды үш адамның "Фукусима-Дайичи" атом электростанциясындағы апаттың зардабын жоюдағы істеріне көңілі толмай, оларды жұмыстан босатты.

Жапон үкіметі өкілінің хабарлауынша, энергетикалық мекеме мен өндірістік қауіпсіздікті бақылау агенттігінің басшылары, өндіріс және сауда министрінің орынбасары қызметтерінен кеткен.

Жапон үкіметі "Фукусима" АЭС-індегі апатқа байланысты қатты сынға ұшыраған.

Электростанция биыл 11 наурызда жер сілкінісі мен цунамиден бүлінген еді.
XS
SM
MD
LG