Бүгін Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің соты қайта жалғасады.
Мүбәрәкке тағылған айыптар дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұрынғы президент бейбіт шерушілердің қазасы мен жемқорлық үшін айыпталып отыр. Онымен бірге екі ұлы да жемқорлыққа барғаны үшін жауапқа тартылып жатыр.
Мүбәрәктің биліктен кетер кезінде шеруге шыққан 850 адам әскер қолынан қаза тауып, алты мың адам жараланды.
Мүбәрәктің соты 3 тамызда басталған.