Accessibility links

Кремль: Солтүстік Корея басшысы Ресейге барды


Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир
Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир
Ресми Кремль Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ирдің Ресейге барғанын растады.

Оның алдында Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары Кимнің пойызы бүгін шекарадан өтіп, Ресейдегі Хасан бекетіне келіп тоқтады деп хабарлаған болатын. Кремльдің мәліметінше, Солтүстік Корея басшысы Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі.

Медведев таяуда Кимге хат жолдап, Ресей мен екі Корея ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырған болатын.

Ким Чен Ир Ресейге соңғы рет 2002 жылы барған еді.

Пхеньянның ядролық қарусыздануы жөніндегі алты жақты келіссөздердің тығырыққа тірелгені белгілі.
XS
SM
MD
LG