Accessibility links

Мұнайшылардың ереуілі «жалғыздың үні» болып қала бермек


Ереуілшілер талып қалған әріптесіне көмек көрсетіп жатыр. Жаңаөзен, 18 наурыз 2010 жыл
Ереуілшілер талып қалған әріптесіне көмек көрсетіп жатыр. Жаңаөзен, 18 наурыз 2010 жыл

EurasiaNet апталығының 23 тамыз күні жарық көрген санында «Жұмысшылар толқуы Астананың экономикалық имиджіне нұқсан келтіреді» атты мақала шықты.


Мақалада мамырдан бері жалғасып жатқан Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы мен оның Қазақстанның экономикасына тигізетін кері әсері жайлы сөз қозғалған.

Мамыр айында Жаңаөзендегі ірі мемлекеттік мұнай және газ компанияларының 15 мыңға тарта жұмысшылары жалақы мен жәрдемақыларының төленуін талап етіп бас көтерді деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мұнайға бай Маңғыстау өңірі осы күнде әлеуметтік шиеленісушіліктің ошағына айналып отыр.

Апталықтың баяндауынша, көтерілістер бірнеше айға созылып, шиеленіс ортасында екі мемлекеттік компания қарбалас күй кешіп отыр: Ақтаудағы «ҚаржанбасМұнай» мен «ҚазМұнайГаздың» Жаңаөзендегі еншілес «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорны.
Лондондық маман шетелдік ірі инвесторлардың Маңғыстаудағы ереуілден зардап шегеміз деп қауіптеніп отырғанын айтқан.

Компания менеджерлері жұмысшылардың жалақысы орташадан жоғары деп, оларға қарсы қатал шаралар қолданып жатыр. Мамырдан бері екі компаниядан 500-ге жуық адам жұмыстан шығарылған. Сондықтан наразылық танытушылардың көбісі амалсыздан жұмысқа қайта кіріскен. Әлі де ереуілдеп жатқандардың саны 1500 адам. Алайда, осы айдың басында белгісіз жағдайда бір көтерілісшінің қайтыс болуы шиеленісті күшейтіп жіберді дейді мақала авторы.

Басылымның жазуынша, үкімет мұнай компанияларын қолдайды. Бұл тамыздың 6-ы көтерілісшілердің адвокаты Наталья Соколова мен ұйымдастырушы Ақжанат Аминовты «әлеумет араздық қоздырғаны» үшін ұзақ мерзімге қамауға үкім шығарғанынан көрініп тұр. Бұған жауап ретінде «Нұр-Отан» партиясының жүздеген мүшесі мүшелігін тоқтатты.

«Жанарту» кәсіподағы бейресми түрде ереуілшілердің өкіл ұйымы ретінде көрініп жүр. Кәсіподақ төрағасының орынбасары, Айдын Құрмановтың айтуынша, ереуілдің алдын-алуға болатын еді. «Ал қазір қарапайым жұмысшылардың талап-тілегі саяси дауға айналып отыр» дейді ол.
Қазақстандықтардың жартысынан көбі бұл ереуілге не қарсы, не енжар қарайды, тек 27 пайызы ғана оны қолдайды.

Ал «Ақтау» тәуелсіз кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Мұхтар Үмбетовтың айтуынша, ірі компаниялардың бейресми кәсіпорындарды мойындамауы жұмысшылардың наразылықтарын жауапсыз қалдырған. Ал Қазақстан республикасы кәсіподақтар федерациясы көбінесе үкіметтің мүддесін көздегендіктен, ереуілшілер оларға сене бермейді. Үмбетов үкімет еңбек жайындағы заңдарға өзгертулер енгізу керек деп санайды.

«Астана мен Алматы сияқты қалалардың гүлденуіне себепші мұнайдың 70 пайызын шығаратын Маңғыстау жұмысшыларының өздері қиын жағдайда өмір сүріп, жұмыс істейді. Отбасылардың көбісі, тіпті, ең қажетті деген қызмет түрлеріне де зәру. Көтеріліске реніш те себепші болды» деп мәлімдейді Айжангүл Әміржанова EurasiaNet-ке.

Шиеленіс шет елдердің назарын аударуда. EurasiaNet мысал ретінде шілденің басында ағылшын әншісі Стинг осы себепті Астанадағы концертінен бас тартқанын және сол айдың аяғында Еуропа парламентінің жеті мүшесі Қазақстан үкіметін жұмысшылардың талаптарын орындауға шақырғанын келтірді.
«ҚазМұнайГаздың» мәлімдеуінше, ереуілдің кесірінен өндірілген мұнайдың мөлшері алты пайызға азайған.

EurasiaNet сөйлескен лондондық маман шетелдік ірі инвесторлардың Маңғыстаудағы ереуілден зардап шегеміз деп қауіптеніп отырғанын айтқан.

Экономикалық залалдар Астананы да уайымдата бастаған секілді. Осы айдың басында «ҚазМұнайГаздың» мәлімдеуінше, ереуілдің кесірінен өндірілген мұнайдың мөлшері алты пайызға азайған.

EurasiaNet-тің жазуынша, Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары Маңғыстау жұмысшыларының ереуілге шығу себептерін түсіне алмады. Себебі үкімет шынайы баяндамалардың баспасөзде жариялануына тосқауыл жасап отырды. Сол себепті Астанадағы саяси шешімдер институты ұйымдастырған сауалнаманың нәтижесінде, қазақстандықтардың жартысынан көбі бұл ереуілге не қарсы, не енжар қарайды, тек 27 пайызы ғана оны қолдайтыны белгілі болды деп мәлімдейді басылым.

“EurasiaNet” Торонто университетінің Қазақстан бойынша сарапшысы, зерттеуші-ғалым Эдвард Шацтың сөзін келтіріп, бұндай жағдайлар үкіметке жағымсыз болғанымен, оған асқан бір нұқсан келтіре алмайды дейді. Шац: «Бұған дейінгі көптеген оқиғалардан түйгеніміз – [қазақстандық саяси] режим негізгі қарсыластарын пара беріп сатып алады, ымыраға көнбегендерді жаныштайды, «кінәлі жігіттерді» де таба қояды» депті.
XS
SM
MD
LG