Accessibility links

Ауғанстан, Пәкістан, Ресей мен Тәжікстан басшылары Душанбеде кездеседі


Солдан оңға: Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Ауғанстан президенті Хамид Қарзай. Душанбе, 30 шілде 2009 ж.
Солдан оңға: Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Ауғанстан президенті Хамид Қарзай. Душанбе, 30 шілде 2009 ж.
Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде Ауғанстан, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан президенттері бас қосып аймақтағы қауіпсіздік пен сауда-экономикалық мәселелерді талқылайды.

Тәжік сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, төрт ел басшыларының кездесуінде терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес, Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру және даму мәселелері, сонымен қатар, энергетика, жол құрылысы мен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалар туралы сөз болады.

Кездесу қортындысы бойынша төрт президент бірлескен мәлімдеме жасайды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG