Accessibility links

Сирия күштері Түркияға жақын ауылдарда рейд жүргізді


Сирия мен Түркия шекарасы. 29 маусым. 2011
Сирия мен Түркия шекарасы. 29 маусым. 2011
Сирия үкіметінің күштері бүгін елдің орталығындағы ауылдар мен қалашықтарда рейд жүргізген.

Түркиямен шекаралас аймақтағы бұл операциялар кезінде адам шығыны болды деп хабарлады жергілікті тұрғындар мен адам құқын қорғаушы белсенділер. Бірақ шетелдік ақпарат құралдарының бұл елге кіруіне тыйым салынғандықтан, айтылған мәліметтер тәуелсіз түрде расталмады.

Жергілікті халықтың айтуынша, қауіпсіздік күштерінің әскери операциясы тұрғындардың шекарадан өтіп кетуіне жол бермеу үшін жасалған. Түркияға қашып бара жатқан бір адамды үкіметтік күштердің мергені атып түсірген. Бұл тұста Сириядағы белсенділер үкіметтің әскері Хама мен Хомс қалаларында да рейд жүргізгенін айтып отыр.

БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, Сирияда президент Башар әл-Асад режиміне қарсы халықтық толқулар басталған наурыз айынан бері елде 2200 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG